«Жасыл елдіктер» жарады

   Жуырда Достық үйінде  «Жасыл ел» жалпыұлттық жастар акциясының еңбек маусымының жабылу салтанаты болып өтті. Айтулы шараға «Жасыл ел» еңбек жасағының барлық маусымының қатысушылары мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері атсалысты.

Айта кетейік, осы жылы маусымдық жұмыспен және жастар үшін тиімді бос уақытты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 8 330 000 теңге бөлінген болатын. Жасөспірімдерді қосқанда, еңбек ұжымдарының жұмысына 265 сарбаз жұмылдырылды.

Мерекелік шара барысында маусымның қорытындысы бойынша Қарағанды қалалық штабы жоғары еңбек жетістіктері үшін «Үздік қалалық штабы» атағына иеленді.

 

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.