Спорт

Жасыл алаңға балалардың салған суреттері бейнеленген жейдемен шықты

Кеше қарағандылық «Шахтер» футболдан ел кубогі аясында қостанайлық «Тобылмен» қарымта кездесу өткізді. Сол кездесуде жерлестер жасыл алаңға мүмкіндігі шектеулі балалардың салған суреті бейнеленген жейдемен шықты. Бұл – сол жандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған екен.

Естеріңізге сала кетейік, кемтар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қарағандылық «Шахтер» футбол командасының жаттығуына қатысқаны жайында жазған болатынбыз. Сол кездесуден алған әсерін қағазға түсірген балалар салған дүниесін клуб ойыншыларына табыстаған. Ал, футболшылар оларды қолдау мақсатында балалардың салған суреттерін жейделеріне тігіп, ойынның ашылу рәсіміне киіп шықан.

Бұл кездесу 1:0 есебімен жеңіс қарағандылықтардың пайдасына шешілді. Бірақ, жерлестер ел кубогінің келесі кезеңіне өте алмай қалды.  

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button