Жастарды қоғамдық жұмыстарға шақырады
Қоғамдық жұмыстарға студенттер мен орта мектеп оқушылары (16 жастан бастап) демалыс уақытында, сондай-ақ кәсіпорынның тоқтап қалуына байланысты жұмыспен қамтылмаған адамдар мен жұмыссыздар қатыса алады. Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасуға өтінімдер қабылдайды. Жалақы – 108 430 теңге (аударымдарға дейін).
Жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар:
Жеке куәлік.
Оқу орнынан анықтама.
Ата-ананың жазбаша рұқсаты және оның қатысуы (егер 18 жаста болмаса).
20 таңбалы банктік шот туралы банктік анықтама.
Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса).
Толық ақпаратты 99-63-94, 99-64-93, 8-775-644-35-80 (WhatsApp) телефондары арқылы алуға болады.
Жұмыспен қамту орталығының мекенжайы: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz