Саран

Жастардың игі бастамасы

Саран қаласында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағы маусымының ашылуы аясында «Тазалық кубогы» экологиялық турнирі өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен бірнеше жылдан бері «Жасыл ел» бағдарламасы жалғасын табуда. Бұл бағдарлама жазғы демалыс кезінде жастарға түрлі бағыттағы студенттер жасағында еңбек етуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мұнда құрылыс, көгалдандыру, қаланы абаттандыру бар. Аталған жоба мектеп, студент және жұмыссыз жастардың маусымдық жұмысқа орналасуына негізделген. Еліміз бойынша «Жасыл белдеу» құру, сол арқылы Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсарту көзделеді. Сонымен қатар, жастардың бойында отансүйгіштікті қалыптастырып, туған жердің байлығына қамқорлық танытуға баулиды.

Кейінгі жылдары бұл бағдарлама жастарды ұйымдастырудың белсенді бағдары ретінде айқындалып отыр. Өткен жылы жазғы каникул кезінде Саранда 15 жасақ жұмысқа орналасты.

Шараға қатысушыларға қала әкімінің орынбасары Е.Оспанов, ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Г.Сы­чев жылы лебіздерін жеткізді.

«Тазалық кубогы» барысында оның қатысушыларына – жалпыбілім беретін мектептер мен кәсіби оқу орнының командаларына өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыстан тазарту жүктелді. Атқарылған жұмысты әділқазылар бағалады. Бірінші және үшінші орын – Саран гуманитарлық техникалық колледжіне, екінші орын – №6 орта мектебіне бұйырды.

Абаттандыру және қаланың санитарлық жағдайы, экологиялық ахуалы көптеген тұрғындарды алаңдатады. Олай болса, қаланың ересек тұрғындары жастардың игі шарасы арқылы тазалыққа ден қойса етті.

Саранның біздің үйіміз екенін естен шығармайық. Ендеше, үйіміз таза һәм сәулетті болуы тиіс.

Надежда ЦХАЙ.

САРАН қаласы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button