Жаңалықтар

“Жастар Елбасымен бірге!”

2019 жылдың 19 наурызы  – мемлекетіміз үшін тарихи күндердің бірі болатыны сөзсіз. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған үндеуінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жариялады.

Елбасы, біздің Тұңғыш Президент – мемлекет үшін орасан зор еңбек еткен, жаның мен тәнің берген бірден-бір жасампаз тұлға, ХХІ ғасырдың алтын жұлдызы.
Оның өмірбаяны әр қазақстандық үшін қажымас қайраттың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, білім мен батылдықтың, даналық пен қайсарлықтың айқын үлгісі бола алады. Елбасымыздың саяси-экономикалық бастамаларының нәтижесінде елімізде тұрақтылық пен бейбіт өмір салтанат құрды. Президенттің жүргізген салиқалы саясаты арқасында мен өз арманымды жүзеге асырудамын. Ол – Қазақстан Республикасына қызмет ету, оның әрбір азаматының денсаулығын сақтап, нығайтуға өз үлесімді қосу.
Әр өзгеріс тек жақсылыққа! Еліміз аман, мемлекеттігіміз нығая берсін! Қазақстан – мәңгілік ел!
Ел жастарының көшбасшы өкілі ретінде мен барлық жастарды жасампаздық, бейбітшілік және жарқын болашақ жолында лайықты азамат, мақтан тұтарлық тұлға болуға шақырамын! Бірге болайық!
Темірлан Саматов,
“Қазақстан медицина жастары” РҚБ вице-президенті,
Қарағанды облысының Қазақстан халқы ассамблеясы
Жастарды үйлестіру кеңесінің мүшесі

Басқа материалдар

Back to top button