Жастар арасындағы қылмыс азайды
Жастарды жұмыспен қамту үшін көптеген бағдарламалар бар. Олардың қатарында, «Еңбек», «Дипломмен – ауылға!», «Бірінші жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» бағдарламаларының тиімділігін атауға болады. Дегенмен, жастардың арасында жұмысқа орналасуға құлықсыздары да жоқ емес. Қолы бос жүргендердің арасында құқықбұзушылық та кездесіп отыр. Жастар қылмысының деңгейін төмендетуге ықпал ету тетіктері облыс әкімдігі жанындағы Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.
Аймақта 14-28 жас аралығында 260 мыңнан астам жас бар. Жастар арасында жыл сайын мыңнан астам қылмыстық құқықбұзушылық жасалады.
– Осы жылдың қорытындысында жастар жасаған қылмыстардың 32,2%-ға төмендегені байқалады. Мас күйінде жасалған қылмыстар саны да 2 есеге қысқарды, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Жағымды статистикаға қарамастан, жастар арасындағы қылмыс әлі де өзекті. Ұрлық, алаяқтық, көлік және ұсақ ұрлық басым. Жастардың қылмыс жасауының негізгі себептерінің бірі ретінде құқық қорғау органдары маскүнемдік пен жұмыссыздықты атайды.
Интернеттегі қылмыс та көбейіп, оған ерекше назар аударуды қажет етеді. Кибер-шолушылар олармен күресуге кірісті.
Полицейлердің пікірінше, барлық жоғары оқу орындарында студенттік отрядтарды дамыту керек. Олар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, мәдени іс-шаралар өткізеді. Әзірге облыс бойынша осындай сегіз жасақ бар.
Сондай-ақ, облыстың әр өңірінде 19 Жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Мұнда тегін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік кеңестер өткізіледі.
Жастар саясаты мәселелері басқармасы халықты жұмыспен қамту құралдарының бірі жас кәсіпкерлерді қолдау деп атады. Биыл жастар кәсіпкерлігін дамытуға облыстық және жергілікті бюджеттерден 200 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Бос уақытты жақсы өткізу – бұл спорт. Биыл бұқаралық спортты қаржыландыру екі есеге артты.
– Бұл спортпен айналысуға қосымша жеті мыңнан астам баланы тартуға мүмкіндік береді. Облыстық басқарманың, қалалар мен аудандар әкімдерінің міндеті – осыған ерекше назар аудару, – деп атап өтті аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек. – Әрине, жұмысқа орналастыру. Пандемияны ескере отырып, біздің облыстың жас тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Отырыста, сондай-ақ, ішімдік және тұрмыстық қылмыстарға қарсы шаралар айтылды.
Денсаулық сақтау саласының қарамағында Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазғандағы төрт бейімдеу орталығы бар. Сондай-ақ, облыста есірткіге тәуелділер үшін қолдаушы алмастырушы терапияның екі пункті бар. Дәрігерлер халық үшін қадамдық қолжетімділікте бастапқы психикалық денсаулықтың қосымша орталықтарын ашуды ұсынды.
Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2019 жылы полицейлерге кінәліні кезекші бөлімнің жанындағы арнайы бөлмеде 24 сағатқа дейін ұстауға мүмкіндік беретін шара енгізілді. Әйелдер мен балаларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша 11 үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жолға қойылды. Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанасы бар тоғыз дағдарыс орталығы ашылды. Оларға қазірдің өзінде 50-ден астам адам жүгінді.
«102» мобильді қосымшасы мен SOS нүктесі өзін жақсы жағынан көрсете білді. Қосымшаның көмегімен елдің әр тұрғыны полицияға құқықбұзушылық туралы хабарлама жібере алады, сонымен қатар оператормен байланыса алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.