АймақСаран

Жасамыстар жұмыссыз қалмайды

Саран қаласында да кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Күміс жас» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Жоба бойынша 50 жастан асқандарды жұмысқа орналастырып, оларға төленетін жалақы мөлшерінің 60, 65, 70 пайызын үш жыл бойы мемлекет тарапы субсидиялайтын болған.

Саран қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметтеріне қарағанда, осы жылдың басынан бері 50-ден асқан 23 жасамыс адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Олардың бірі – Светлана Фомина жолдамамен «Оранжерея» жеке кәсіпорнына сатушы болып жұмысқа тұрды. Үйінде гүл өсірумен шұғылданатын жан сүйікті ісін тауып, гүлдестелерін орап, тұтынушыларды қуантып жүр.

Ал, Ақтас кентінің тұрғыны Құнанбай Смағұлов Қарағанды қаласында бір фирмада күзетші болып істепті. Одан шыққан соң қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп тіркеліп, жұмыссыз мәртебесін алады. Осыдан кейін оған кеңес беріліп, мамандығы бойынша күзетшілігін жалғастыру ұсынылып, қазір ол қаладағы «КАZPOSТ» АҚ-ның нысанын күзетеді.

Бұл жобаға қалалық жұмыспен қамту орталығынан мемлекеттік грант алған жас кәсіпкерлер де өз үлесін қосып, жасамыс адамдарды жұмысқа қабылдауда. Атап айтқанда, «Самошина» ЖК осындай екі адамды кассир етіп алды. Сол сияқты «Асқар Маурат» ЖК мемлекеттен алған грантына жиһаз шығару көлемін ұлғайтып, «Жиһаз жинаушы» мамандығы бойынша екі жасамыс адамды жұмысқа тартты.

Сонымен, бұл жоба бойынша жасамыс жандар жұмыссыз қалмай, тұрақты табыс тауып, ертеңгі зейнетақысын да қамтамасыз ететін болады.

Ержан ИМАШ,

САРАН

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button