Жаңалықтар

Жасақ бастығының бір күндік жұмысы

Мерзімін өтеушілердің бостандыққа шыққанға дейін басы-қасында қадағалап жүретін №34 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Александр Теремасовтың жұмыс күні өз жасағындағы жазасын өтеуші азаматтарды тізім бойынша таңғы тексеріс жұмыстарын жүргізумен басталады.

Барлығының жасақта екеніне көз жеткізгеннен кейін мекеме бастығы бекіткен күн тәртібіне сәйкес жұмыс жүргізеді. Кітап оқитын азаматтарды кітапханаға, жақындарымен сөйлесу үшін таксафонға, психолог көмегін қажет ететін азаматтарды психолог кабинетіне қарай, қажеттіліктерін алу үшін дүкенге, ал, күн тәртібінде тазалық күні болса, жасақтың ішкі-сыртқы аймағына тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сот отырысына қатысып сотталғандардың мінездемесі мен таныстырады.

Түскі уақытта әр жасақ басшысы өз жасағын жинап, түскі ас ішу үшін асханаға қарай беттейді. Содан кейін әлеуметтік сабақтар мен колледждерде білім алатын жазасын өтеушілерді колледжге апарады.

– Жұмыс, шын мәнінде, оңай емес. Отбасымызбен жиі уақыт өткізуге мүмкіндік бола бермейді. Кей кезде мейрамда да жазасын өтеушілермен біргеміз. Өз міндетімізді адал атқаруға серт бергеннен кейін барлығынан жұмысты басты орынға қоямыз. Қызмет атқару барысында жазасын өтеушілердің түрлі мінез-құлқымен, ерекшелігімен танысып, соған қарай жоспар жасаймыз. Түзеу мекемесі болғандықтан мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, белсенді қатысқан азаматтарды барынша марапаттауға тырысамыз. Бұл олар үшін өте маңызды, – деді мекеме бастығының орынбасары Әсет Қызылов.

Кешкі тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Жасақ бастығы жазасын өтеушілерді кешкі асқа апарады. Кешкі ас ішіп болған соң жасағын өз қапастарына кіруін қадағалайды. Осылай жасақ бастығы бір күнін қорытындылап, келесі күннің жұмыс жоспарымен танысып, дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button