ЖаңалықтарРуханият

«Жас жүрек жайып саусағын»

«Шырақ» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде  еліміздің Тәуелсіздік күніне орай, өлең өлкесіне қанат қаққан жас буынның шығармашылығына қолдау көрсету, жазба ақындық өнерді дамыту, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында студент жастар арасында ұйымдастырылған «Еркіндігім – ең қымбаттым, киелім!» атты жыр мүшәйрасы мәреге жетті.

Аталмыш жыр додасына ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, ақын Ілияс Мұқай, Жәлел Қуандықұлы, Эльмира Сайлауқызы қазылық жасады.

– Осындай мүшәйралар өлеңге талаптанып жүрген жастардың қиялына қанат бітіреді. Әдебиетке қызығушылығы артып, қаламын ширай түседі. Жиналған барша үміткердің еңбегін ескеріп, жүлдеге лайықтыларын марапатқа ұсындық, – дейді шараны ұйымдастырушы, «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының директоры, ақын Саят Тұяқбай.

Қазылар алқасының сараптауына ұсынылған 20-ға тарта жас буын өлеңдерінің арасынан сегіз ақынның өлеңі іріктеліп, нәтижесінде I орынды Нұрдәулет Марат  иеленсе, II орын Дамила Досмахова, III орын Тілеужан Қамысбай, Бектас Жұман,  Ділнәз Дәріғұлға берілді. Ал,  Мирас Құрақбай, Серхан Сайрангүл, Қырмызы Алламбергенова мүшәйраның арнайы жүлде иегерлері атанды.

Сонымен қатар, жыр кеші ба[1]рысында С.Бөдесов, Е.Марат, М.Кәрімнің туған ел тақырыбында шырқаған әндері кеш көрігін қыздыра түсті.

Жан АМАНТАЙ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button