Жаңалықтар

Жасөспірім жан тапсырды

8 наурызда Дубовка ауылының 14 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді.


Полицейлердің мәліметінше, жасөспірім каратэмен шұғылданған. Жаттығу кезінде дене жарақатын алған деген болжам бар.
– Осы оқиғаның мәнжайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Болған жағдайға қатысты баланың бапкері және жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне тексеріс жүргізіледі, – деді полиция өкілдері.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болғанын жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button