Қарағанды

Жас отбасылар таңдау жасады

Елімізде ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау жалғасуда. Саяси науқан бүгін кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Яғни, сайлаушылар өз дауысын осы уақытқа дейін беріп үлгеруі тиіс.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін түске таман Ақтоғай ауданындағы жас отбасы – Ілияс пен Жаннұр Қанафиндер дауыс берді. Олардың айтуынша, бұл саяси науқанның маңызы зор. Ілиястың жұбайы Жаннұр дұрыс таңдау жасағанына сенімді.

– Бүгін еліміз бойынша маңызды сәт – депутаттарды сайлау өтуде. Жұбайым екеуміз №448 сайлау учаскесін бетке алдық. Мақсатымыз – еліміздің келешегін кемел ететін, лайықты үміткерге дауыс беру. Елімізде ілкімді істер атқарылып, оң өзгерістер орын алды. Халықтың әлеуметтік жағдайы да жылдан жылға жақсарып, тұрмысы түзеліп келеді. Біз секілді жас отбасыларға да аз қолдау жасалып жатқан жоқ. Ендеше, сайлау қорытындысы бойынша жаңа сенім мандатына ие болған үміткер осы ауқымды істерді әрі қарай жалғастырып, тың реформаларды жүзеге асырарына күмәнім жоқ, – дейді Ілияс.

Нұрдос КӘРІМ,

Ақтоғай ауданы

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button