Қарағанды

Жас маманға –қамқорлық

Келешек – жастардың қолында. Жылына мыңдаған жас маман оқу орнын бітіріп, еңбек жолына бет алады. Кейбіреуінде өзінің қалаған жұмыс орнына тұра алмай, тауы шағылып қалатын кездер болады. Мен де жас маманмын. Биылғы жаңа оқу жылында Қарағанды қаласындағы №64 орта мектебіне жұмысқа қабылдандым. Осы мектептің есігін ашқанда кеудемде «Мен жас маманмын, тәжірибем жоқ, жұмысқа қабылдамаса, қайтемін» деген күдік болған еді. Бағыма қарай, мектеп директоры Татьяна Тоқанова жылы қабылдап, жұмысқа алды. Жаңадан бітірген 5 жас мұғалімді қабылдады.

Білікті басшы Татьяна Бағдатқызы жастарға сенім артты, «тәжірибең жоқ» деп сыртқа теппеді. Мектеп директорының артқан сенімі біздің де жауапкершілігімізді арттыра түсті. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін үнемі ізденіс үстіндеміз. Сабағымызды қызықты, әрі тартымды өткізуге, қосымша дайындаламыз. Ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе жинақтаймыз.

Біздің мектепте 400-ге тарта оқушы оқиды. Оларға 32 мұғалім дәріс береді. Осы ұстаздардың қатарында жас мамандар да оқу және тәрбие ісіне өз үлестерін қосуда.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жастарға үлкен сенім артып, маман болып қалыптасып кетуімізге ақыл-кеңесін аямай жүрген білім ошағының басшысы мен ұстаздар қауымына алғыс айтқым келеді.

Айжан ҚОНАРБАЙ,

№ 64 орта мектептің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button