Спорт

Жарыс жолынан ағайындылардың бірі шығып, бірі қалды

Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында 80 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Нұрбек Оралбай Әзірбайжан боксшысын жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал, 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай қарсыласынан жеңіліп, жарысты осы жерден тоқтатты.

Нұрбек Оралбай әзебайжандық боксшы Мухид Аллахвердиевпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, Нұрбек өткен жылы Азия чемпионатында қола медальға ие болған еді. Сонымен қатар, 2018 жылы жастар арасындағы Әлем чемпионатында да топ жарған болатын.

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай Италия боксшысы, Әлем чемпионатының жүлдегері Азиз Аббес Мухийдинмен жұдырықтасып, қарсыласынан айласын асыра алмады. Өкінішке қарай, жекпе-жек төрешілердің шешімімен қарсыластың пайдасына шешілді.  

Естеріңізге сала кетейік, Айбек Оралбай байрақты бәсекеде жарысты аяқтаған үшінші боксшы. Бұған дейін 60 келі салмақта сынға түскен Талғат Сырымбетов пен 63,5 келі салмақта өнер көрсеткен  Санатәлі Төлтаев бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button