Жаңалықтар

Жарқын істер бастауы

    Еліміз экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болды. «ЭКСПО – 2017» көрмесі – мемлекетіміздің мығымдығын, халқымыздың қонақжайлылығын көрсететін тұс.

Жаһандық мәселелер талқыға түскен ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы, 28-ші бүкіләлемдік қысқы «Универсиада – 2017» жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар «EXPO – 2017» көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Бұл көрме ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ. Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде оқырмандармен «ЕХРО – 2017» – Қазақстанның болашағы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. «ЭКСПО – 2017»: Жарқын істер жолашары» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Оқырмандарды көрме тарихымен таныстырып, бейнебаян көрсетті. Облысымыздың халықаралық көрмеге қосар үлесі туралы айтты. Осы ретте Қарағанды облысынан 40 автор қатысуға өтініш білдірсе, 21 кәсіпорын көрме нысандарының құрылысына атсалысады. Көрмені ақпараттық тұрғыдан алға жылжыту, туристік бағыттарды жетілдіру, жол бойындағы қызметтердің нысандарын дамытып, еріктілерді дайындау сияқты жұмыстарда жүргізуде. Туристік бағыттар әзірленуде. Туроператорлардың аймағына Қарлаг тарих музейі, Қызыларай, Қарқаралы ұлттық бағы кіреді. Қазіргі таңда жаңа маршруттық бағыттар әзірленіп жатыр, оның бірі «Қарағанды – Қазақстанның көмірлі жүрегі» деп аталатын болады. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті бірқатар жобаларын ұсынып, тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағыттады. Мәселен, Александр Пудов қазандықтардағы кір суды тазартатын құрылғы ойлап тауыпты. Нәтижесінде шағын және ірі кәсіпорындарда суды үнемдеу мүмкіндігі пайда болады екен. Жалпы, «EXPO» жайлы оқырмандардың ойын, пікірін білу мақсатында кітапханада «Пікір қалдыру бағаны» ұйымдастырылды. Оқырмандар «ЭКСПО» туралы не білеміз?», «Жасыл энергетика деген не?», «Қазақстанға жасыл энергетика керек пе?» деген сұрақтарға пікірлер қалдырды.

М. ЖҰМАҒҰЛОВА,

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button