Жарқын болашаққа жұп дауыс
Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты №17 мектеп ғимаратында №162 мен №163-ші сайлау учаскесі орналасқан.
163 сайлау учаскесінде учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айдана Дюсенбекова мен төраға орынбасары Бақыт Қазалиқызы ала таңнан жұмыс жасауда. Олар өз учаскелері бойынша 2163 адам тіркелгенін, әзірге 222 адам дауыс бергенін айтты. Бұл учаскеде 6 комиссия мүшесі мен 11 байқаушы бар.
Елден бұрын келіп алғаш дауыс берген ерлі-зайыпты Ғабит Қалыбеков пен Гүлзара Ғаниоллақызы ел болашағына үлкен үмітпен қарайтынын жеткізді.
– 163-ші учаскеге тіркеудеміз. Былтыр ең алғашқы болып келуге үлгермей қалдық. Биыл міне Жаңа Қазақстанда жаңа бастамамен алғаш болып өз дауысымызды жарқын болашаққа бердік деп сенеміз, – деді Ғабит Төлеутайұлы.
Жан АМАНТАЙ,
Оrtalyq.kz