Жаңалықтар

Жанашыр аға

Бұл кісінің жақсы қасиеті – жұмыс өз алдына, жасы кіші деп қарамайды, бауырына тартып, әдемі әңгімесін айтып, көңілімізді көтеріп те қояды. Онысынан әріптестік, ағалық ықыласы сезіліп тұрады. Жастар жағы үлкендерге қарап ой, бой түзейді ғой. Қуаныштан, қайғылы жағдайдан қалмау деген дүниені осы кісіден үйрендік. Облыстық арнаның жаңалықтар, бағдарламалар бөлімдеріне шеф­-редактор болған кездері де арқамнан қағып, жігерлендіріп, өзінің тәжірибесімен бөлісіп жүрді. «Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі болғанымда ерекше қуанып, құттықтаған еді. Сол ағалы-інілі сыйластыққа осы күнге дейін сызат түскен емес.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Әли аға телеарна саласына 40 жылдан астам қажырлы еңбек сіңірген құрметті ардагеріміз. Тілші болған соң бармайтын жеріміз жоқ. Кезіккен адамның көбі ағамызды таниды, хабарларын айтып, сұрап жатады. Журналистің бақыты осы емес пе?

Осыдан бірнеше жыл бұрын зейнетке шығар алдында әрқайсымыздың кабинетімізге арнайы соғып, ағалық лебізін білдірген еді. Сол кезде «Мен сияқты телеарнада абыройлы болып, зейнетке шығуға жазсын» деп өзінің галстугін сыйға тартқан еді. Құрметті демалыста болғанымен өзі ұзақ жыл еңбек еткен телеарнаның жанашыр көрермені. Хабарласып ақыл-кеңесін айтып тұрады. 70 жас – мерейлі тойы құтты болсын! Ағамызға мықты денсаулық тілейміз!

Руслан ТҰРСЫНҒАЛИЕВ,
«Хабар» агенттігі өңірлік тілшілер желісі департаменті
Қарағанды қаласы тілшілер қосынының аға меншікті
тілшісі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button