Жалынды жастар бас қосты

  Жаңаарқа ауданында ел Тәу­ел­сіздігінің 25 жылдығы мен Халық­аралық студенттер күніне орай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі, мәдени-сауық орталығы, білім бөлімі, жас­тар ресурстық орталығы, аудандық кітап­хана, аудандық мұражай және спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Бола­шақ – Жастарда!» атты жастар форумы өтті.

Форум Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі Жаңаарқа бө­лім­шесінің директоры Зәмзагүл Тақауие­ваның кіріспе сөзімен шы­мылдық түрді. Мағыналы басқосуға қатысушыларды аудан әкімінің ор­ынбасары Қанат Қожықаев, Қазақ­стан халқы Ассамблеясы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы төрағасының кеңесшісі Жандос Та­былғанов және Жезқазған индус­триалды-гуманитарлық колледжінің директоры Марал Тілеужанова құт­тықтады. Алқалы жиында сөз алған әр салада қызмет атқарып, белсенді ұстанымдарымен көзге түскен жастар өкілдері тұстастарын елінің патриоты, жерінің қорғаны бола білуге шақырды.

Форум барысында Жандос Та­былғанов жастар саясатының дамуына белсене атсалысып жүрген бірқатар белсенді жастарды Алғыс хатпен марапаттады. Жарасымды жиын концерттік бағдарлама мен жас­тардың флеш-мобымен жалғасты.

Кешенді іс-шаралар аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық фи­лиа­лының мәжіліс залында «Жастар саясаты – мемлекеттік мүдде» атты дөңгелек үстел отырысы ұй­ымдастырылды. Кең көлемді пікір алмасулар кезінде жастар қауымы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жарасым» республикалық жастар ұйы­мының өкіліне көкейлерінде жүрген сауалдарын бүкпесіз қойып, тұщымды жауаптар алды.

Іргелі іс-шараның ұтымды ұйым­дастырылып, талап деңгейінде өткі­зілуіне аудан әкімдігі, аудандық прокуратура және аудандық мәслихаттың депутаттар корпусы нақты қолдау көрсетті.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖАҢААРҚА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.