Ресми

Жаңадан құрылған Мәдениет және ақпарат министрлігі немен айналысады?

Жаңадан құрылған Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызмет бағыты мен ережелерін бекітуді көздейтін Үкімет қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ortalyq.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы саналады, – делінген Үкімет қаулысында.

Құжатта көрсетілгендей, министрліктің құрамына мына ведомстволар енеді:

1. Азаматтық қоғам істері комитеті;

2. Ақпарат комитеті;

3. Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті;

4. Дін істері комитеті;

5. Жастар және отбасы істері комитеті;

6. Мәдениет комитеті;

7. Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті.

Сонымен қатар қаулыға сай, Мәдениет және ақпарат министрлігінің міндеттері айқындалған:

– мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;

– тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;

– кинематография;

– мемлекеттік рәміздер;

– архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету;

– электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу;

– ономастика;

– креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;

– балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;

– бұқаралық ақпарат құралдары;

– діни қызмет;

– мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;

– қоғамдық сананы жаңғырту;

– қайырымдылық;

– волонтерлік қызмет;

– ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету;

– мемлекеттің, азаматтық қоғамның және қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы.

Министрліктің және оған бағынысты ведомстволардың қарамағына мына ұйымдар кіреді:

– Қазақ әуендері» АҚ;

– «Қазақ газеттері» ЖШС;

– Қазақ ұлттық хореография академиясы;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі;

– «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ;

– «Qazcontent» АҚ;

– «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС;

– «Хабар» агенттігі» АҚ;

– Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ.

Үкімет қаулысының жобасы 18 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен 5 жаңа министрлік құрылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button