Жаңалықтар

Жаңаарқада қой шаруашылығын дамыту бойынша семинар өтті

Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында өңірдегі қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылаған көшпелі семинар өтті. Семинар жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің басшысы Е.Ахметов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Шайдаров, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Т.Садықұлов, ҚазАТУ проректоры И.Тоқбергенов, Қазақ ұлттық аграрлық университеттің профессоры Ш.Аділханов, сондай-ақ басқа ғалымдар, мамандар, шаруа қожалығының басшылары, әкімшілік өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров өз баяндамасында Қарағанды облысындағы қой шаруашылығының дамуы туралы айтты. Қатысушылар қой шаруашылығының өзекті мәселелерін, оның қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Ауыл шаруашылығының осы саласындағы негізгі даму жолдары мен проблемалы мәселелерді шешу жолдары анықталды.
Семинар шеңберінде көрме ұйымдастырылды. Оған асыл тұқымды қойды өсірумен айналысатын жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдері, сонымен қатар осы жануарларға арналған азықты өсіруге арналған техникалар әкелінді.
Семинар-отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Серік Шайдаров аудан әкімдеріне қой шаруашылығы мен жалпы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, сондай-ақ тұрақты азық базасын құру туралы мәселені қарастыруды тапсырды.

Басқа материалдар

Back to top button