Жаңалықтар

Іздеушілер адам мәйітін тапты

Мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткен Жаңаарқа ауданы тұрғынының мәйті жазық даладан табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

“Жедел іздеу шараларын жүргізу үшін Қарағанды облыстық ТЖД жасақтары мен жергілікті тұрғындар тартылды. Іздеу шараларына жолдың болмауы кедергі келтіргендіктен іздеу жұмыстары жаяу жүргізілді. 30 наурызда түнгі 03:00-де көру мүмкіндігі төмен болуына байланысты іздеу шаралары уақытша тоқтатылып, 06:00-де қайта жалғасты. 13:37-де Жаңаарқа ауданы Атасу ауылынан алты шақырым жерде іздеу жарияланған ер адамның мәйіті табылды”, – делінген хабарламада.  

Ер адамның неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады. 

 

Басқа материалдар

Back to top button