Жаңалықтар

Жаңа жылдық көрме

    Жас натуралистер станция­сында алғаш рет «Жаңа жыл ғажайыптары» тақырыбында қалалық шығармашылық көрме-байқауы өткізілді.

    Аталған іс-шараға қаланың 28 мектебінен барлығы 400-ге жуық оқушы қатысты. Байқаудың қорытындысында ұсынылған жұмыстарға баға беру – қалалық білім бөлімінің эстетикалық бағыт әдіскері Ж.Дюсембина, №1 балалар көркемөнер мектебінің қосымша білім беру педагогі А.Шапошев, сонымен қатар Қазақтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті «Экономика және басқару» факультетінің «Экология және бағалау» кафедрасының оқытушысы б.ғ.к., доцент Н.Дузбаева байқаудың жеңімпаздарын анықтады.

    Жас натуралистер станциясында жеңімпаздарды марапаттау құрметіне арналған мерекелік бағдарлама өткізіліп, байқаудың барлық қатысушыларына сертификат беріліп, жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.

Айсұлу Мусатаева,

Жас натуралистер станциясы,

директордың әдістемелік жұмыстар

жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button