Қарағанды

Жаңа зал – жасампаз ұрпаққа

    №8 орта мектеп ұжымы мен оқушылары үшін 2016-2017 оқу жылының III тоқсаны жағымды жаңалықпен басталды. Білім ошағында көп жылдан бері жөндеу көрмеген акт залы күрделі жөндеуден өтті.

Бұрын мектепішілік шараларды өткізетін жер таппай, сынып бөлмелеріне бөлінетінбіз. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүріп, жарқырап шыға келген мұнтаздай акт залы – мектеп ұжымы мен жасампаз ұрпақ игілігі. Қазір мұнда сахналық жаңа перделер, жарық түсіретін әдемі аспашамдар тағылып, 150 жаңа орындық орнатылды. Пайдалануға берілген күннен-ақ мәдени шаралар ұйымдастырылып, оқушылар сахналық өнерлерін шыңдай түсуде және жаңарған акт залы біз үшін жаңа жылдық жақсы сый болды.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Білімді ұрпақ – кемел болашақ кепілі» деген дана сөзі бар. Бізге осындай жағдай жасаған Қарағанды қаласының білім бөліміне алғысымыз шексіз.

Нұртілек ҚҰРМАН,

8 ЖББОМ-нің 9 «А» сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button