АқтоғайБас тақырып

Жаңа нысан – ел игілігіне

Ақтоғай ауданының орталығында «Айтуған» коммуналдық базары және модульді мал сою кешені ашылды.

Ақтоғайлықтар бұған дейін өз өнімдерін ашық алаңда саудалап келген болатын. Алайда, жазда – жаңбыр, қыста – боран сауданың шырқын бұзып келгені жасырын емес. Кәсіпкер Ерлан Нұртазин осы күрмеулі мәселенің түйінін тарқатты. Коммуналдық базар ашып, жылы да жайлы ғимаратты ел игілігіне берді.

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Салтанат Әбеуова ауыл шаруашылығы саласы бойынша өңірде бірқатар жобалар қолға алынғанын атап өтті.

Базардың ашылуына орай ұйымдастырылған жәрмеңкеде жергілікті фермерлер арзан бағада сапалы өнімін сөреге қойды.

Жаңадан іске қосылған қасапхана тәулігіне 10 бас ірі қара мен 20 ұсақ малды союға қауқарлы. Бұл жерде мал етінің сапасы арнайы аттестациядан өткен ветеринар маманның қадағалауында болады. Сондай­ақ, тұрғындар модульді мал сою пунктінен малдың дұрыс сойылғаны және өнімнің тазалығы жөнінде анықтама ала алады.

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button