ҚарағандыРухани жаңғыру

Жаңа әліпбиге – жастар қолдауы

     Қарағанды қаласындағы №41 орта мектепте латын әліпбиіне көшуге байланысты «Ұлт болашағы және латын әрпі» тақырыбында 10-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген еді. Ендеше, айрықша маңызды мәселеге ат үсті қарамай, ел болып қолдап, ертеңіміз үшін аянбауымыз қажеттігі айтпаса да белгілі. Бұл әрине, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық қуат, жастық жалын сыйлары да жасырын емес. Міне, осы ойды ту еткен №41 мектеп басшылығы оқушылар мен ұстаздарды беттестіріп, дөңгелек үстел өткізуді ұйғарыпты.

Мұндағы мақсат – латын әліпбиіне көшу мәселесінің болашақ ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізу еді. Себебі, ғылым мен білім ХХІ ғасырда нақ осы латын графикасы арқылы өркен жаюда. Бұған күн сайын түрленіп жатқан жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтар, ақпарат айдыны куә.

Дөңгелек үстел барысында мектептің тарих пәні мұғалімі Дархан Оспан осы мәселеге барынша мән бергенді жөн көріпті. Ол өзінің «Латын әліпбиі – болашақтың жазуы» тақырыбындағы баяндамасында жаңа әліпбидің алар орны мен жеткізер биігі жайында да ой білдірді.

Өз кезегінде оқушылар да латын әліпбиіне ауысу мәселесін бар ынта-жігерлерімен талқылап, өз ой пікірлерін білдірді. Баяндамашылар да сөзді сұйылтпай, қолданыстағы кириллица қарпін латын әліпбиіне алмастырудағы артықшылықтар мен алдағы уақыттағы ауқымды жұмыс­тарға тыңдарман назарын аударды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button