Жаңалықтар

Жаңа көлік табысталды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 13-отырысында санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, жаңа комитет құру, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен беделін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын. Осыған орай, аймақтағы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің органдарына жаңа автокөліктер берілді.

Республикалық бюджет есебінен Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 132 көлік сатып алып, барлық аумақтық департаменттерге бөліп берді. Оның ішінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де 8 жаңа автокөліктің кілтіне ие болды.

Жаңа автокөліктердің кілтін қала мен аудандардың санитариялық қызмет өкілдеріне Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий Залыгин табыс етті.

Юрий Леонидович халық денсаулығын сақтау ісінде еселі еңбек етіп жүрген қызметкерлерге зор қолдау жасалып жатқанын айтып, аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруда жүйелі жұмыс жасап, сапалы қызмет көрсетудің маңызы зор екендігін тілге тиек етті.

Сағыныш ӘБІЛ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button