Қарағанды

Жәрмеңкенің жақсылығы көп

     Кеше Қарағандыда «THE JOB FAIR IS UNDER OPEN AIR» атты ашық аспан астындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ол Мемлекеттік қызметшілер күніне арналды.

Жәрмеңкеге Қарағанды қаласындағы түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты. Бүгінде Қарағанды қаласындағы 472 кәсіпорын мен ұйымдар 2278 бос жұмыс орнын ұсынып отыр, жәрмеңкеге 92 кәсіпорын қатысты. Жәрмеңкеге мектептер көптен келген екен, оларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жетіспеуде.

Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілерге төмендегідей мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды: инженер, логист, менеджер, есепші, сарапшы-бағалаушы, дәрігер, аудармашы, тігінші, слесарь, жүк тасушы, күзетші, токарь және тағы басқалары. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жергілікті атқару органдарына 245 бос лауазымды орын ұсынды.

Жалпы, жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 1052 адам қатысты, олардың 205 жұмысқа орналасты. 255-і өз түйіндемелерін қалдырып кетті, 206 адам 2017-2021 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кеңестер алды.

Жәрмеңкенің мақсаты – жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету үшін, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату, әрі сол арқылы аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендету.

Мен қаржы саласында жұмыс іздеп жүрмін. Өзім «Болашақ» оқу орнын қаржы мамандығы бойынша бітіргем. Болашақта кәсіби мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін жақсы жұмыс тапқым келеді, – деді жәрмеңкеге келген Мақпал есімді қыз.

Биыл жәрмеңке аясында алғаш рет мәдени-ойын сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Жас орындаушылардың қатысуымен концерт, мүмкіндігі шектеулі жандар ұсынған қолөнер туындыларының көрмесі өтті.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button