Басты тақырыпСпорт

Жүрекке жалын құйған

   ҚарМУ-дың бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасы жанындағы «Жас сұңқар» әскери-спорттық клубы жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу және діни экстремизм мен терроризмге қарсы алғышарттарды үйрету жолында толағай шаруаның басын қайырып келеді.

   Жақында клуб жетекшілері бұл бағытта былтырғы оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, І курс студенттерін клуб қатарына салтанатты түрде қабылдады.

Шараға университет проректоры Абай Қалықов, университет кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанна Уәлиева, бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасы филиалының №16 орта мектептегі өкілі Манарбек Оспанов, Ауған соғысының ардагерлері құрметті қонақтар қатарында қатысты.

Жиынға қатысушылар Отан алдындағы әскери борышын өтеу барысында басынан өткен оқиғалар жөнінде баяндап, патриоттық тәрбие тұрғысындағы ойларымен бөлісті.

Бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасының құрметті қарауыл жасағы ортаға шығып, патриоттық әндер шырқалды.

   Сондай-ақ, жиында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында университет кәсіподақ ұйымы клуб төрағасы Қанат Садықовты Алғыс хатпен марапаттады.

Жанел ҚАЙНЕТДЕН,

Мунира МЕЙРАМБЕКОВА,

ҚарМУ-дың І курс студенттері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button