Спорт

Жәнібек Әлімханұлы титулын екінші мәрте қорғамақ

Орта салмақта WBO чемпионы отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады. Кездесу 14 мамырда Стоктон (АҚШ, Калифорния) қаласында өтпен. Жекпе-жектің алдында қос боксшы көз арбасып, баспасөз мәслихатында кездесті.


Отандасымыз титулын екінші мәрте қорғамақ. Бұл кездесу 12 раундқа есептелген. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізіп, британдық боксшы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жеңген болатын. Ал, Стивет Батлер желтоқсан айында америкалық Джошуа Конлимен (17-5-1, 11 КО) жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button