Спорт

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті.

Ж.Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.

Он екі раундқа есептелген жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша орта салмақта қазақстандық боксшыға тиесілі чемпиондық белдік сарапқа салынды.

Жәнібек әуелі қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Содан кейін нокаут тіркелді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он төртінші жекпе-жегін өткізіп, WBO чемпиондық белдігін қорғап қалды. Ал Стивен Батлер төртінші жеңілісіне ұшырады.

Ж.Әлімханұлы өзінің чемпиондық белдігін екінші рет сәтті қорғады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button