Жұлдызы жанды

    «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілген республикалық «Дарын – 2017» байқауы және телевизиялық жобасының «Эстрадалық вокал» жанры бойынша Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қызғалдақ Әуезханқызы жеңімпаз атанды.

Қызғалдақ өзінің дауыс ырғағы мен ән айту мәнерімен қазылар алқасын таң қалдырып, қатысушылардың арасында ең жоғарғы ұпайға ие болды. Республикамыздың түпкір-түпкірінен жиналған жас дарындарға қазақтың маңдайалды жұлдыздары – Бағдат Сәмединова, Ардақ Балажан, Индира Расылхан, Шехризат Сейдахмет, Сәуле Қарабалина қазылық етті.

Байқауға Қызғалдақты тың­ғылықты дайындап, даусын баптап, жан-жақты қолдау көрсеткен ұстазы, ақылшысы Бота Ноғаева өз қуанышын бізбен бөлісті.

Байқауға жалпы саны 45 бала қатысты. Өте мықты, талантты балалар, өнер колледжінің өнерпаздары да бар.

Қызғалдақ сахнаға 19-шы болып шықты. Бұл номерге дейінгі шыққан балаларға жоғары ұпай берілмеді. Қызғалдақ Маржан Арапбаеваның орындауындағы «Арманыма асығамын» атты әнді орындады. Қазылар алқасының сұрауымен, жанды дауыста, музыканың сүйемелдеуінсіз Жанар Дұғалованың репертуарындағы «Ізін көремін» әнін орындап, жоғары ұпайға ие болды, – деді ұстазы.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.