Жұлдызды жұдырыққа құрмет
Дүйсенбі күні орта салмақтағы «WBC», «WBA» (Super), «IBF» және «IBO» тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий ГОЛОВКИНГЕ Қарағанды облысының Құрметті азаматы куәлігін облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ тапсырды. «Қарағандының қабыланы» туған қаласындағы, салтанатты рәсімге арнайы келді.
Генаны Н.Әбдіров атындағы спорт комбинатында қарағандылықтар орындарынан тік тұрып, зор қошеметпен қарсы алды. Жастар жағы «Гена, Гена!» деп ұрандаумен болды. Төрткүл әлемге даңқы тараған былғары қолғап шеберінің Қарағандыға келуі үлкен мереке екендігін аймақ басшысы Ерлан Жақанұлы сөз басында атап өтті.
– Естеріңізде болар, бір кезде Елбасыға Геннадий: «мен қазақпын» деп айтып еді. Геннадий қазақ қана емес, нағыз қазақтың батыры. Облыстың Құрметті азаматы атағы еліне сіңірген еңбегі үшін беріледі. Бұл жерлестеріңнің сізге деген құрметі, ықыласы мен махаббаты, – деді Ерлан Қошанов.
Сөз алған Геннадий Головкин айтулы атақтың өзі үшін үлкен абырой екенін, ерекше құрмет екендігін айтты.
– Мен бірінші кезекте сіздер сияқты Қазақстан Республикасының азаматымын. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа спортты қолдап, дамытып жатқаны үшін алғысымды айтқым келеді. Және де құрметті депутаттар, мені Қарағанды облысының Құрметті азаматына лайық деп танып, туған жерімнің қошеметін көру – үлкен мақтаныш. Сіздерге «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағы үшін алғысымды білдіремін, – деді боксшы.
«Жастар, спортпен айналысу арқылы бүкіл ғұмырына қажетті жеңіске деген ерік-жігер, мықтылық, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болады. Мен осы кездесуді пайдалана отырып, жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын», – деп атап өтті Геннадий Головкин.
Сонымен қатар, осы күні кәсіпқой бокста қарсылас шыдатпаған боксшыға депутаттар мен жаттықтырушылар да құттықтауларын жеткізді. Облыстық мәслихат депутаты Шамиль Осин, спорт ардагері Анатолий Степаненко, Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының басшысы Ерден Халилин құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады.
«Қандай спорт түрі болмасын, жеңіс тұғырынан көріну ерекше. Күн-түн демей жаттыққан спортшының алдына қойған мақсатына жетуі – ерлік деп санаймын өз басым. Өйткені, «ерлік» деп атаған сөзімнің ішінде сол жеңіске жеткізген жолдың жатқаны белгілі. Геннадийдің әр жеңісінде ерлікке толы еңбек бар. Сондықтан, мен бүгін Әлия Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне бір кезде Гена жаттыққан орын ретінде жеңіс жолын жалғап, спортқа бар жігерлеріңді салуға шақырамын. Болашақтағы жеңіс жалауы сендердің қолдарыңда болуға тиісті»,– деді Ерден Халилин.

Айта кетейік, Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясында депутаттар келісімімен Головкинге Құрметті азаматы берілуі мақұлданды. Бұған дейін 2017 жылы WBC дәрежесі бойынша үздік боксшы атағына, ал, оның «Канеломен» өткен кездесуі жылдың үздік жекпе-жегі болған еді. Осы жолғы Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші кездесуде «T-Mobile Arena» спорт кешенінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатты. Ал, жалпы кездесудің билеттерінің табысы бұл жекпе-жек бокс тарихында үшінші орынға жайғасты. Ал, өткен жылы «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағы – армия генералы Мұхтар Алтынбаевқа, боксшы Геннадий Головкинге және Ұлы Отан соғысының ардагері, «Даңқ» орденінің толық кавалері Камали Дүйсембековке берілді.

Нұрдос КӘРІМ