Жаңалықтар

Жүк тасу жеңілдейді

    «Сарыарқа» әуежайы жүк тасымалы бағыттарын арттыруға күш салуда. Әуежай басшылығының мәлімдеуінше, келесі жылы Қытай мен Африка құрлығына жаңа рейстер ашылмақ.

Бүгінде қарағандылық әуежайға Голландия астанасы Амстердамнан аптасына екі мәрте жүк жеткізіліп тұрады. Әуежай тарапынан рейстер санын ұлғайту мақсатында келіссөздер жүргізілуде. Егер, Қытай мен Африка бағытындағы жобалар жүзеге асып жатса, «Сарыарқа» әуежайы ірі тораптық әуежайға айналмақ. Африкаға жүк Түркия арқылы тасымалданады.

Қарағанды географиялық тұрғыдан тиімді аумақта орналасқан. Яғни, транзиттік жүктерді де алып өтуге мүмкіндік бар. Тиісінше, жүкті жеткізу уақыты азайып, шығын да кемиді. Жаңа жоба келесі жылдың басына жоспарланған.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button