Жәйремде сайлаушылар әзірге 32 пайыз дауыс берді

Қаражал қаласы аумағындағы Жәйрем кентінің тұрғындары да өз әкімдерін сайлау үшін белсенділік танытуда.

– Бүгін Жәйрем кентінде 6 сайлау учаскесінде әкім сайлауы өтуде. Карантин талаптары барынша ескеріліп жатыр. Сағат 13.00-дегі жағдай бойынша 1762 адам, яғни, дауыс берушілердің 32,1 пайызы дауыс берді, – деді Қаражал қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнұр Сатанова.

Жәлел ШАЛҚАР.