Қарағанды

Жүйелі жұмысқа – оң баға

Қарағанды гуманитарлық колледжінің ұжымы 40 жылдық мерейтойына орай,мерекелік шараны жоғары деңгейде атап өтті. Оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмысы ұйымдастырған жиын көптің көңілінен шықты. «Білім беру мазмұнының жаңаруы аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» атты республикалық семинар-практикумде білім беру төңірегіндегі біршама мәселелер сөз болды.

Жиында педагогтер оқу орнының тарихына көз жүгіртіп, 1976 жылдан бергі бүгінге дейін тоғыз мыңға жуық маман дайындаған колледждің тарихынан сыр шертті. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан белсенді еңбек және қоғамдық қызметі үшін бірқатар оқытушылар қала әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Білім беру саласында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан оқытушыларға облыстық білім басқармасының Алғыс хаты, «Нұр Отан» партиясы филиалының Алғыс хаты табыс етілді. Атап айтсақ, аталмыш оқу орнында білім беру саласына қосқан зор үлесі мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы қол жеткен жетістіктері үшін Рысты Сыздықова «Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Қалалық мәслихат хатшысы К.Бексұлтанов, Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Шатохина, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Ахметкәрімова секілді мамандар жиыннан табылды. Осы ретте колледж ұжымының мерекесіне ортақтасқан Орал, Есік, Тараз, Семей, Көкшетау, Астана, Павлодар және Балқаш қаласынан келген білім саласының қызметкерлерін ерекше атап өткен жөн. Ұстаздар педагогикалық ұжымды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button