Спорт

Әзербайжанда өткен халықаралық турнирде спортшыларымыз 11 медаль еншіледі

Әзербайжан астанасы Баку қаласында Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толу құрметіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир мәресіне жетті.

Жарыс қорытындысында қазақстандық спортшылар 11 медаль еншіледі. Оның 3-і алтын, 3-і күміс, 5-і қола.

Ел құрамасынан Ержан Ізтілеуов (52 келі), Тагир Сатаев (63 келі), Жасұлан Бердалы (70 келі) өз салмағында чемпион атанды.

Күміс жүлдегерлер қатарында Игорь Соловьев (63 келі), Бекарыс Нұрмұқан (66 келі), Бексұлтан Қайратұлы (80 келіден жоғары) бар.

Ал Рамазан Орынбасар (50 келі), Асқар Қуаныш (63 келі), Мұхит Нұрқабыл (57 келі), Бақытжан Айтмұқанов (75 келі), Аният Тілеужан (80 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button