Жаңалықтар

Зейнеткерлерді алдаған 23 алаяқ құрықталды

Қарағандылық полицейлер екі айда зейнеткерлерді алдаған 23 алаяқты құрықтады.

Қарағандылық полицейлер екі айда зейнеткерлерді алдаған 23 алаяқты құрықтады.
Сурет интернеттен алынды

Бұл, қарағандылық полицейлер үшін жаңалық емес. Себебі, сәуір мен мамыр айында облыстық полиция департаменті осындай алаяқтықтың 61 фактісін тіркеген. Ал, оның 35-ін ашып, іздестіру шараларының арқасында 23 адамды ұстаған.

– Қаланың белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 400-ден астам зейнеткермен түрлі алаяқтықтың алдын алу бойынша кездесу өтті. Егде жастағы адамдарға ертеден мәлім алаяқтық түрлері бұрынғыдан да өсе түскені айтылды. Алаяқтар көбіне үй телефондарына хабарласып, олардың туыстары апатқа кінәлі болғанын, сол үшін жазаға тартылатынын айтады. Оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін шұғыл түрде қаражат сұрайды, – деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Полицияның айтуынша, жәбірленушілердің басым бөлігі қарттар екен.

– Зейнеткерлерге алаяқтықтың басқа да түрлері туралы ескертілді. Мысалы, алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады. Сөйтіп, түрлі сылтаумен шоттардан ақша жымқыратын «AnyDesk», «TeamViewer»  қосымшасын орнатқызуға үгіттейді. Сондай-ақ, SMS арқылы код сұратып, банк карталарының CVV кодын білуге тырысады. Ал, сіздер бұндайларға алданбаңыздар, – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button