Жаңалықтар

Зейнеткерлер өз жинақтарын толық пайдаланса, БЖЗҚ қанша қаражат жоғалтуы ықтимал?

1 шілдеден бастап зейнеткерлер өздерінің зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады. Бұл бастамаға қатысты Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Бұл жерде мәселе қанша жоғалтады деген сауалда емес. Ол жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінен қаражат алу тақырыбының жалғасы. Егер тарихқа оралсақ… БЖЗҚ не үшін құрылды? Халық өз ақшасын жинап, бірте-бірте ынтымақты жүйеге өтіп, болашақта содан зейнетақыларын алуы үшін жасалды. Енді біз лимитті қайта қарадық. Қазақстандықтардың басым бөлігінде аз қаражат қалды, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрі қордан алынуы мүмкін қаражаттың сомасы үлкен еместігін айтты.

– Біз ол қордан аз қаражат алу керек екенін жақсы түсінеміз. Тұрғындардың алатын сомасы өте көп емес – 3 трлн теңгеден асады. Дегенмен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тұрақты болғанын қалаймын. Біріншіден, бұл біздің және барлық зейнеткерлердің болашағына қажет, – деп толықтырды Ерұлан Жамаубаев.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button