Жаңалықтар

Зейнеткерлер үй алу және емделу үшін зейнетақы жинақтарын толығымен пайдалана алады

Қазақстандықтар 1 шілдеднен бастап тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге өз зейнетақы жинақтарын пайдалана алады, деп хабарлайды Ortalyq.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-да жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланып, біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады.

Емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін жоғарыда көрсетілген интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-ға ғана жүгіну керек. 

Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу сияқты әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығы берілген. Дегенмен бұл құқықты келесі санаттағы азаматтар пайдалана алады:

– БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар «төменгі жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады;
– Зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтары сомасының 50% дейін пайдалана алады;
– Өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.

Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button