Үздіктер шеруі өтті

Бүгін №77 мектеп-балабақша кешенінде бастауыш сыныптардың үздіктер шеруі өтті.


Дәстүрлі шарада мектеп басшысы Зайра Жантыбаева құттықтауын жеткізді. «Бүгінгі мектеп мақтанышы – ертең елдің мақтанышы болсын!» деген жүрекжарды тілегін арнады. Ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты.
Аталған білім ордасы биылғы оқу жылында Қарағандыдағы 79 мектептің арасында «үздік команда» аталымы бойынша 1 орынға ие болған екен.
Үздіктер шеруінің соңында ұл-қыздар ән мен биден шашу шашты. Арнайы шақырылған сайқымазақтар өнер көрсетіп, балалардың көңілін көтерді.

Қуаныш Аманқұлов.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.