Нұра

Үздіктер анықталды

       Нұра ауданында жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында алғашқы рет аудан әкімінің 5 миллион теңге көлеміндегі гранты берілді.

Бүгінде елімізде жастарға көп көңіл бөлінуде. Өйткені, жастар – таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Өздерін өмір сүруге лайықтай білетін, рухани азығы мол қасиеттерге ұмтылып, көңілдегі көксеген мұраттарына кедергісіз қол жеткізіп жүрген жастарымыз қоғамның негізгі қозғаушы күші. Оларды демеп, ынталандырып отырса, аспайтын асуы, алмайтын қамалы болмас, – деді жастарға арнап сөйлеген сөзінде аудан әкімі Ниқанбай Омарханов.

Жалпы, аудан бойынша 16 үміткер қатысып, 12 жас кәсіпкер іріктеліп, 200 мың мен 600 мың теңге аралығында аудан әкімі грантын иеленді. Бұл жерде: Байтуған ауылынан Гүлжайна Серікбол ағаштан жасалатын ұлттық өнімдер, жиһаз шығаратын цех ашса, Заречное ауылынан Юлия Болатова «Кішігірім наубайхана ашу» жобасы бойынша, аудан орталығынан: Данияр Шубелик «Қоян өсіру», Әлібек Нұрбай «Жарнама және дизайн студия­сы», Ернар Каринберлин «Тігін цехін ашу», Алмаш Мұхтарова «Киім жуу бойынша қызметтер ашу», Арман Рахимжанов «Автокөлік жуу қызметтері», Кертінді ауылынан Айгерім Асилова «Кішігірім дәмхана ашу», Ахмет ауылынан Ақтоты Капарова «Құлпынай өсіру», Кертінді ауылынан Ақбөпе Қоқанова мен Мыңбаев ауылынан Анар Гульмамедова «Үй құсын өсіру» жобалары бойынша жеңімпаз атанды.

Жалындап тұрған жастардың жобалары кәсіпкерліктің дамуына сүбелі үлес қосып, ауданымызға жалпы еліміздегі әлеуметтік түйткілдердің оңтайлы шешілуіне оң әсер беруі тиіс. Орта және шағын кәсіпкерліктің арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, тың бизнес идеялар өмірге жолдама алады. Ел экономикасының жандануына, алға жылжуына кәсіпкерліктің үлесі айтарлықтай, – дейді аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жұмай Мұхамеджанов.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button