Облыс әкіміОблыс әкімінің жұмыс сапары

Заманауи элеватор – ел игілігіне

Осакаров кентінде 25 мың тонна астыққа арналған заманауи элеватор салынды. Астық қабылдау кәсіпорны Осакаров және Нұра аудандарына, сондай-ақ, Ақмола облысының Аршалы ауданына бағдарланатын болады.

Осакаров ауданы бойынша жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке жобаның жоспарлары мен іске асырылуы туралы «Сарыбел НАН» ди ректоры Виталий Прокоп айтып берді.

– Элеватор жобасы 6 жыл бұрын ойластырылған болатын. Нарықты ұзақ зерттедік. Соңғы екі жылда ол түбегейлі өзгерді. Астық трейдерлері бағаны көтереді. Элеватордың ашылуы Нұра және Осакаров аудандары арасындағы логистикаға 200 млн. теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Тәулігіне 2 мың тонна жүк тией аламыз. Сақтау, кептіру, қабылдау, жөнелту қарастырылған, – деді Виталий Прокоп.

– Сыйымдылығы бір уақытта 50 вагон болатын теміржол тұйығы салынды. Тиеудің негізгі бағыттары – Қазақстанның оңтүстігі және жақын шетел. Осы күзде элеватор астық қабылдауды бастайды. Оны толығымен 2022 жылдың маусым айында іске қосу жоспарланып отыр.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ жергілікті шаруа қожалықтарының егін жинау науқанының барысымен танысты. Осакаров ауданының әкімі Нүркен Көбжановтың айтуынша, астық жинау жұмыстары мерзімінде жүргізілуде. Сапа мен өнімділік көрсеткіштері жақсы. Жұмыстарды 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.

Ауданда бидай, арпа, сұлы, жасымық, картоп және майлы дақылдар өсіріледі.

Дәнді дақылдар 75,0% (281,1 мың гектар), картоп 21,5% (85 гектар), көкөніс 71,9% (23 гектар) жиналды. Барлық шаруа қожалықтар бидай және картоп өнімдерімен облыстық тұрақтандыру қорын қалыптастыруға қатысады.

Осакаровкада сонымен қатар облыс әкімі күрделі жөндеуден өткен «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығында болды. Ашылған сәттен бастап ғимарат ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген. Өткен жылы «Ауыл – Ел бесiгi» бағдарламасы бойынша орталық қалпына келтірілді.

Ауданның жас тұрғындары мұнда графика, дизайн, 3D-модельдеу және робототехниканы меңгереді, сондай-ақ, жеті бағыт бойынша қосымша білім алады.

Осакаровкада «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 қабатты алты үй салынуда. 108 отбасы баспаналы болады. Облыс әкімі құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді және тұрғын үйді мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы ұзындығы 81 шақырым облыстық маңызы бар Осакаровка – Молодежный және Осакаровка – Нұра (83 км) жолдарының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Осакаровка – Молодежный автожолының жағдайы көп жылдар бойы нашар болды. Жөндеу жұмыстары бірнеше жыл жүргізіліп келеді. Осакаровка – Молодежный жолының кезекті 37 шақырымы биыл аяқталады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button