Заң ғылымдарының докторы Еркін Қиноятұлы өмірден өтті
Заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Қиноятұлы Көбеев 66 жасында өмірден өтті.
Ол 1959 жылы 31 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келді. 1976 жылы орта мектепті алтын медальмен бітірген соң Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсті.
1986 жылы «Конституциялық құқық» мамандығы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды.
1989 жылы «Саяси жүйенің функциялары» тақырыбы бойынша заң ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. 1993 жылы Е.Қ. Көбеевке доцент ғылыми атағы берілді.
1996-1998 жылдары ол Москва мемлекеттік заң академиясының докторантурасында оқып, «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негізі» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
Еркін Қиноятұлы Көбеевтің кәсіби қызметі еліміздің жоғары оқу орнымен тығыз байланысты. Ол ұзақ жылдар бойы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры қызметін абыроймен атқарды.
Басшылық қызметті атқара жүріп, ғылыми жұмыстармен үзбей айналысты. 200-ден аса ғылыми еңбектер мен мақалалар жариялады.
Марқұмның отбасы мен барлық туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Еркін Қиноятұлы Көбеевтің жарқын бейнесі оны білетіндер мен бірге қызмет атқарғандардың есінде сақталатын болады.
Е.БӨЛЕКПАЕВ, Н.КОБЖАНОВ, А.ТАЙЖАНОВ,
Е.АЛПЫСОВ, Б.АСАНОВ, Ә.ӘЛДЕНЕЙ, О.ТАУРБЕКОВ,
Е.ҒАЛИЕВ, Н.БИКЕНОВ, Е.АЙМАҒАМБЕТОВ,
Р.ОМАРБЕКОВА, Н.ДУЛАТБЕКОВ