Заң мен тәртіпті қорғаушыларға алғыс пен құрмет
Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ішкі істер органдарындағы қызмет жоғары кәсібилікті, батылдықты, жауапкершілікті және өз ісіне берілгендікті талап етеді. Күн сайын сіздер заң мен тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайсыздар.
Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында қоғамдық тыныштық нығайып, азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімі артып, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіп сақталуда.
Осы орайда ішкі істер органдарының ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің көп жылдық тәжірибелеріңіз, қызметке адалдықтарыңыз – жас қызметкерлер үшін үлгі және ұрпақтар сабақтастығының маңызды негізі.
Бұл мереке күні біз өз өмірін Заңға және Отанға қызмет етуге арнағандардың барлығына ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге адалдықтарыңыз бен шыдамдылықтарыңыз үшін рахмет.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Мереке құтты болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы



