Аймақ

Қызылорда-Жезқазған республикалық трассасы 40 жылда алғаш рет жөнделуде

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев айтып берді. Оның айтуынша, республикалық маңызы бар Қызылорда – Жезқазған автожолы 40 жыл ішінде бір де бір рет ауқымды жөндеу жұмысын көрген емес.

– Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен шамамен 200 шақырым қамтылды. Мердігерлер арнайы техниканы жұмылдыруды, асфальтбетон зауыттарын және ұсақтау-сұрыптау қондырғыларын орнатуды аяқтайды. Маусым айының басынан бастап мердігерлер құрылыс жұмыстарына толық күшімен кірісе алады, – деп жазды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button