Спорт

Қыздарда – қола медаль

    Шымкентте көркем гимнастикадан өткен республикалық 4-ші жастар спорттық ойындарынан қарағандылық спортшылар командалық есепте қола медальды олжалады.

Жарыс барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылары өзара мықтыларды анықтады. Үш күнге созылған бәсекеде жасөспірім спортшылар көркем гимнастиканың барлық түрінен қатысты. 15 команданың арасынан Қарағандының спортшылар 3 орынды еншіледі. Топтық жаттығуда ерекше көзге түскен Мария Королева, Аюна Баймуканова, Лиза Погибелко, Дарина Ахметжан, Далила Омарова, Аэлита Тургумбекова сияқты саңылақтар мамандар тарапынан жоғары баға алды. Бүгінде қыздар Павлодарда өтетін чемпионатқа дайындықтарын пысықтауда.

Айта кету керек, Людмила Макарова, Жанна Абдыманапова, Елена Томоловская сынды білікті бапкерлердің шәкірттері республикалық жарыстарда топ жарып жүр.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button