Жаңалықтар

Қыз-келіншектер 8 наурызда қандай сыйлық күтеді?

Әйелдердің Халықаралық мерекесі қарсаңында ер адамдар сыйлық іздеп сарсаңға түседі. Көктемнің шуақты мерекесінде нәзікжандыларға не сыйлауға болады? Олардың өздері қандай сыйлық алғысы келеді? Нені ұнатпайды? Осы сауалдарды зерделеу үшін қыз-келіншектер арасында сауалнама жүргізген едік. Сонымен…

Талғамға талас жоқ. Әсіресе, қыздар қауымы сыйлық алу мен беруге келгенде аса кірпияздық танытып жатады ғой. Десек те, жас шамасы қатарлас қыз-келіншектердің көзқарасы мен қалауы ұқсас болып келеді екен. Сауалнамаға 18 бен 40 жас аралығындағы 160 адам қатысты. Олардың 58 % тұрмыста болса, 42 % басы бос. Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі сыйлықтың бағасына мән бермейтіндіктерін, олар үшін бастысы ер адамдардың көңіл бөліп, құттықтағаны екенін жеткізді. Әйтсе де, сыйлық ұсынса, келесі нәрселерді сыйласа екен деген тілектерін де білдіріп қалды. Олар:

Гүл – 49 %;

Әшекей бұйымдар – 21% ;

Гаджеттер (смартфон, планшет, ноутбук) – 19%;

Романтикалық кездесулер (мейрамханадағы кешкі ас, кинотеатрға бару, би кештері) – 11%.

Сауалнама барысында қызкеліншектерге ұнамайтын сыйлықтар туралы да ақпарат алудың сәті түсті. Олар:

Пайдасыз нәрселер – 36%;

 Арзанқол, талғамсыз дүниелер – 34%,

Тұрмыстық заттар – 23%,

 Ыдыс-аяқтар – 7%

Сонымен қатар, қатысушылардың көпшілігі, яғни, 92%-ы 8 наурызда құрбылары мен туыстарына сыйлық алатындарын білдірді. Олар көп жағдайда құрбысының өзіне алған сыйлығына сай дүниені таңдайды екен.

Басқа материалдар

Back to top button