Жаңалықтар

Қытайдағы жеңіліс

   «Сарыарқа» қазір Қытайда жүр. Бейсенбі күні Харбин қаласында жергілікті «Куньлунь Ред Стар Хейлунцзян» клубымен кездесті.

Өкінішке қарай, жерлестеріміз бұл ойында ұтылып қалды.

Кездесудегі алғашқы шайбаны қытайлықтар салды. 5-ші минутта Константин Макаров «Сарыарқаның» қақпасын күзеткен Денис Костинді қапы қалдырды. 1:0.

Қарағандылықтар да қарап жүрмеді. 12-ші минуттың басында Станислав Альшевский таразы басын тең қылды. 1:1.

Десе де, Харбиндегі ойында сәттілік «сарыарқалықтарға» теріс қарағандай. 36-шы минутта қытайлық команда сапындағы Кирилл Лебедев бір шайба салып, «Куньлунь Ред Стар Хейлунцзянды» алға шығарды. 2:1.

«Сарыарқалықтар» қанша тырысқанымен таблодағы көрсеткішті өзгерте алмады.

Бүгін «Сарыарқа» Цзилинь қаласында «Ценг Тоу» командасымен күш сынасады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button