Қытайда ұсталған 90 жастағы әже тұтқыннан босатқан азаматтарға алғыс білдірді (видео)

Қытайда қамауға алынған   90 жастағы қазақ әже Қазақстанға оралып, Елбасы мен Елшілік қызметкерлеріне бата берді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

«2018 жылы 2 маусымда Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен Қытай Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасындағы уағдаластықтардың арқасында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында дүниеге келген 90 жастағы этникалық қазақ Қазақстанға қайта оралды.

2018 жылы 29 мамырда Бейжіңде көші-қон заңнаманы бұзғаны және ҚХР аумағында заңсыз болғаны үшін қарт әйел және оның ұлы ұсталған болатын. Кейіннен анықталғандай, ол және оның отбасы Қытайға 2017 жылы наурызда келіп, визада белгіленген мерзімді (30 күн) сақтамай, бір жылдан астам ел аумағында болған.

Елшіліктің қызметкерлері Қытай құқық қорғау органдарымен дереу хабарласты. Қазақстандықтарды ұстау себептері анықталғаннан кейін олардың Қазақстан мен Қытай елдерінің қос азаматтығы болғаны белгілі болды.

Қытайлық тарап пен Қазақстан Елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандардың Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжатты және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау тез арада ресімделді», — деп жазды Әнуар Жайнақов .

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.