Ынтымақ пен татулық тұғыры

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру – дер уақытында қабылданған шешім. Бұл, Президенттің өзі айтып өткендей, билік пен халықтың диалогын қалыптастырып, жұртшылықтың пікірі назардан тыс қалмауы үшін, билік өкілдері елді толғандырған әр мәселеге құлақ асып, сол мәселелерді шешуге ықпал етуі үшін керек.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамда, әлеуметтік, эко­ номикалық, тағы да басқа ма­ңызды салаларда қордаланған сауалдарды күн тәртібіне шыға­рып, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіретін болады делінген. Әрине, солай болуы да заңды. Себебі, қоғамдық кеңеске мүше болғандардың барлығы – әртүрлі қоғамдық салалардың өкілдерінен құралған. Халық пен биліктің арасындағы диа­логты жақсартуға себеп болатын халық алдында беделді тұлғалар да еніпті. Демек, қай сала, мей­лі, ол, жұмыспен қамту, баспана мәселесі, әлеуметтік жағдайлар болсын, оң шешімін табатыны анық.

Халықтың да Ұлттық сенім кеңесінен күтетіні – көңілден шығатын нәтижелі жұмыстар. Кеңестің қоғамымызға қажет екенін, оңтайлы сәтте құрыл­ ғанын және шынымен де ауқым­ды істер атқаратынына көзіміз жететініне сенімдіміз.

Халықтың татулығы, ынты­мағы, ырысы – біздің басты же­тістігіміз. Енді ғана құрылған кеңес жұмысы арқылы осы бас­ты артықшылығымызды одан әрі асқақтата түссек, өзгелерден озық болатынымыз әлбетте, анық.

Ербол МӘМБЕТОВ,

Ералиев селолық округінің әкімі.

ЖАҢААРҚА ауданы