Қымбатты «Орталық Қазақстан» газеті редакциясының ұжымы!
Сіздерді облысымыздың рухани айнасына, оқырмандарының сүйікті басылымына айналған «Орталық Қазақстан» газетінің сексен бес жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
«Орталық Қазақстан» газеті – еліміздегі өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, қалың оқырманы қылыптасқан беделді басылым.
«Орталық Қазақстан» газетінің таралу ауқымы жыл санап ұлғайып, қанатын кеңге жайып, шығармашылық жаңа табыстарға жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз. Еңбектеріңіз ел жүрегінен лайықты бағасын тауып, әрбір игі істеріңіз оңға бассын, ойларыңыз өтімді, сөздеріңіз пәрменді болсын, ұжымдарыңыз шығармашылық биіктен көрінсін!
Мерейтой құтты болсын, қадірлі қаламгерлер!
Г. МАМРАЕВА,
Қарағанды «Болашақ»
маңызды білім
беру колледжінің
директоры.
Құрметті редакция менің мына өлеңімді газет бетіне жариялауларыңызды сұраймын.
Мезгілсіз өшкен шырағым
(ұлым Эльдарға)
Ауыр тиді-ау қатал тағдыр жазасы,
Қатты батты-ау қансыратқан жарасы.
Сең соққандай сенделтеді күнімнің
Ойсыратқан орны толмас қазасы.
Неге сонша қысқа болды ғұмырың?
Неге сонша асықтың сен, құлыным
Неге ғана бір ауыз сөз қалдырып,
Ақтармадың жүрегіңнің зар-мұңын?!!
Албырттықпен шалыс басқан қадамың
Орға апарып жықтырды ма қарағам?!!
Тар заманның тұзағынан шығатын,
Тапқан жолың сол болды ма шырағым?!!
Өкпе арқалап кеттің бе екен өмірге?!!
Мына тірлік қонбады ма көңілге?!!
Таласы мен тартысы көп тіршілік
Әкелді ма дедектетіп өлімге?!!!
Қандай еді жанарыңның жарқылы!
Қандай еді алға ұмтылған қарқының!
Топты жарып шығатұғын алғырым,
Неге сонша бұрыс кетті тағдырың?!!
Жарқыраған жұлдызым ең жалғанда,
Жарқ еттің де ғайып болдың арманда,
Жалындаған от боп жанып тұрдың да,
Жалп еттің де өшіп қалдың табанда.
Тал бойыңнан табылмайтын бір мінің
Өрімдей боп жетіліп ең, дүлділім
Қалды артыңда үлбіреген жарың мен
Жанарлары жәудіріген қос гүлің.
Қалды артыңда бейбақ анаң аңырап,
Қалды сенсіз мына дүние қаңырап,
Асқар таудай әкең қалды күңіреніп,
Інің қалды байбалам сап, бауырымдап.
Екі ботаң аманат боп қалғанда,
Өмір тілеп артта қалған жандарға,
Кеудеден жан шықпаған соң қайтеміз,
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға!!!
Анасы Гульнар Ғалымжанқызы